Қала тұрғындарын дене шынықтыру мен спортқа белсенді түрде тартуға бағытталған "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарына сəйкес 2018 жылдың 21-23 желтоқсан аралығында көркем гимнастикадан турнир өтеді.
Жарыс бағдарламасына сай секіртпе, доп, булава, шеңбер жəне таспамен жасалатын жаттығулар бойынша жекелеген жəне топтық сайыстар өтеді.